Новости

2023 жылда салық есептілігі нысандарын тапсыру тұралы

Салық заңнамасында цифрлық активтер және бірыңғай төлем жөніндегі нормалардың қолданысқа енгізілуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 724 бұйрығымен салық есептілігі нысандары және оларды жасау ережелері бекітілген. Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32964 тіркелген және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Бүгінгі күні МКК АЖ-да (Салық төлеуші кабинеті/СТ СЕӨЖ) және МКК веб-порталында (kgd.gov.kz) жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген салық есептілігінің нысандары жаңа үлгілерде жоқ. Салық міндеттемелерін уақтылы орындау мақсатында салық есептілігінің жаңа нұсқасын жариялау алдында, салық есептілігін табыс ету кезінде МКК АЖ-да және МКК веб-порталында (kgd.gov.kz) қол жетімді 2023 жылға арналған нысандардың ағымдағы нұсқалары әрекет етеді. Бұл нысандар «Қабылданған», «Таратылған» мәртебелері болған кезде қабылданған болып саналады. Аталған салық есептілігін жаңа нұсқада қайта ұсынуды қажет етпейді. Салық есептілігінің жаңа нұсқасын жариялау туралы МКК АЖ-да және МКК веб-порталында (kgd.gov.kz) жүйелік жаңалықтар арнасында, сондай-ақ МКК (kgd.gov.kz) интернет-порталында хабардар боласыз.  
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.