Кәсіпкерлермен бақылау-касса машиналарын қолдануын бақылау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Мемлекеттік кірістер комитетімен бақылау-касса машиналарының фискалды чектерін бермеу және төлем карталары арқылы төлемдерді қабылдаудан бас тарту фактілерін анықтау бойынша «Азаматтық бақылау — чекті талап ет» акциясы өткізілуде. «Азаматтық бақылау — чекті талап ет» акциясына кез-келген азамат қатыса алады. Жоғарыда көрсетілген анықталған бұзышулық фактілері бойынша App Store немесе Play Market қосымшаларынан «WIPON CASHBACK» тегін мобильді қосымшасын жүктеп хабарлауға болады. Сонымен қатар, бұзушылық фактісін растау фото немесе бейне тіркеу арқылы жасалады. Мемлекеттік кірістер комитеті бизнес субъектілерімен бақылау-касса машиналарын қолдану және әр сатып алушыға чекті беру міндеттемесінде белсенді азаматтық ұстанымды көрсетіп, акцияға қатысып, осылайша мемлекетті қолдауға және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға өз үлестерін қосуға шақырады. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі
«Азаматтық бақылау — чекті талап ет» акцияға қатысыңыздар
25 Июл