ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бүгінгі күні электронды шот-фактуралар (ЭШФ) ақпараттық жүйесінде аутентификацияның екі әдісі (ағымдағы және жаңа) қолданылатынын салық төлеушілердің назарына жеткізеді. Өзгертілген (жаңа) аутентификация әдісі өнімді https://esf.gov.kz:8443 және тесттік https://test3.esf.kgd.gov.kz:8443 ЭШФ ақпараттық жүйесінің серверлерінде қол жетімді. Ағымдағы аутентификация әдісін қолдау мерзімі 2023 жылғы 25 қарашаға дейін ұзартылды. ҚР ҰКО ҚР СТ МЕМСТ Р 34.10-2015 криптографиялық стандартына көшуіне және RSA алгоритмінде аутентификация кілтінен бас тартуына байланысты 2023 жылғы 25 қарашаға дейінгі мерзімде ЭШФ ақпараттық жүйесіне қол жеткізу мақсатында осы өзгерістерді өзінің есепке алу жүйелерінде алдын ала ескеру қажет екенін естеріңізге саламыз.
ЭШФ жүйесінде аутентификацияның ағымдағы әдісін қолдау мерзімі
31 Июл