Сдача налоговых отчетов

15 қыркүйекте жалпыға бірдей декларациялаудың мерзімі аяқталады

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанда 2023 жылғы       15 қыркүйекте жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінің декларациясын электронды түрде тапсырудың мерзімі аяқталатынын еске салады! Биыл активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің штаттық қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары алғаш рет табыс етеді. Мұндай ұйымдарға азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызмет көрсететін жеке тұлғалар және олардың жұбайлары (мұндай ұйымдардың штаттық қызметкерлері болып табылмайтын) 2023 жылы декларацияны табыс етпейді. Декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті» (cabinet.salyk.kz), «электрондық үкімет» порталы (egov.kz) сервистерінің көмегімен және e-Salyq Azamat, eGov mobile, Halyk мобильді қосымшасы арқылы ұсынуға болады. Жеке тұлғалар декларацияны тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша табыс етеді. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырудың толық нұсқаулығы мына сілтемелер бойынша орналасқан: https://www.youtube.com/watch?v=A5vPs_y9DY0 https://www.youtube.com/watch?v=33MzJR1DL6I
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.