Мемлекеттік кірістер комитетінде «Апта сауалы» айдарында осы аптада жиі қойылған сауалға жауап берді. Бұл сауал жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде декларацияларды тапсыру мерзімінің жақындауына байланысты бүгінде өзекті. Жеке тұлғаның сауалы: Мен 250.00 нысандағы декларацияға (жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация) ақпаратты қате енгіздім, деректерді қалай қайтаруға немесе түзетуге болады? МКК жауабы: Декларацияны 250.00 есептілік нысанын «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы («Салық өтініштері» бөлімі, бұдан әрі «Салық есептілігін кері қайтарып алу туралы өтініш»); Egov порталы («Кеден және салықтар» бөлімі, «Салық салу» бөлімшесі, «Декларацияны кері қайтарып алу» қызметі) арқылы кері қайтаруға немесе түзетуге болады. Декларацияны толығымен кері қайтару келесі жағдайларда жүзеге асырылады: — мерзімі яғни декларация тапсырылған есепті жылы дұрыс көрсетілмеген болса; — декларацияны тапсыру бойынша іс жүзінде ешқандай міндеттеме жоқ болса. Егер Сіз декларацияда қате жіберіп, салық органының кодын, резиденттік мәртебесін немесе салық есептілігінің түрін дұрыс емес көрсеткен болсаңыз, онда түзету әдісі бойынша декларация кері қайтарып алынады (декларация жүйеде қалады және оны табыстау күні өзгермейді). Басқа жағдайларда, яғни Сіз сандарда қате жіберген мәліметтерді (кірістер, қолма-қол ақша, жылжымалы/жылжымайтын мүлік және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі банктік шоттардағы ақша және т.б. туралы) толық көрсетпеген болсаңыз, айырмашылықтың сомасын немесе көрсетілмеген ақпаратты «қосымша» декларацияны табыстау арқылы түзете аласыз.
250.00 формалық қате декларацияны қалай түзетуге болады
11 Сен