Новости

Шетелдік көздерден қаржыландырылатын тұлғалардың тізілімін жүргізу

2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексіне шет мемлекеттерден, шетелдіктерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдарына есептілік беруі туралы талап енгізілді. Мәліметтерді қызметі заң көмегін көрсетуге, қоғамдық пікірге сауалнамаларды, социологиялық сауалнамаларды зерделеуге және жүргізуге бағытталған тұлғалар ұсынады (Салық кодексінің 29-бабы 1-тармағының 1-тармақшасы). 2022 жылы Салық кодексінің 29-бабына өзгеріс енгізілді, оған сәйкес Мемлекеттік кірістер комитеті өзінің интернет-ресурсында шетелдік көздерден ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың тізілімін жариялайды. Бұл түзету азаматтардың мемлекетке де, үкіметтік емес ұйымдарға да сенімінің деңгейін арттыруға бағытталған. Аталған нормаларды іске асыру мақсатында Қаржы министрлігі тиісті Қағидаларды бекітті, тізілімде шетелдік көздерден ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың атауы мен сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН) көрсетіледі (20.02.2018 жылғы №240 бұйрық). Салық кодексінің 30-бабына сәйкес салық төлеушінің атауы мен сәйкестендіру нөмірі салықтық құпия болып табылмайды.      Анықтама үшін: 2023 жылғы 16 наурызда Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік қаржыландыру бойынша тізілімді жариялау тәртібі туралы ақпараттық хабарлама жариялады. Аталған хабарлама учет.kz, kapital.kz и tengrinews.kz. және т.б. сайттарда да жарияланды.  
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.