Жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу шегі алты айға, яғни 2024 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Бұл шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия қабылдады. 2022 жылы аталған шек уақытша 1000 еуроға және (немесе) 31 кг-ға дейін көтерілді. 2023 жылдың наурызында оның мерзімі 2023 жылдың 1 қазанына дейін ұзартылды. Бүгінгі таңда ЕАЭО-ға жеке тұлғалар үшін тауарларды бажсыз әкелудің жоғары шегінің қолданылуы тағы жарты жылға ұзартылды. Осылайша, 2024 жылғы 1 сәуірге дейін жеке тұлғалар үшін тауарларды бажсыз әкелу шегі тасымалдаушы тасымалдайтын немесе әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерімен багажбен әкелінетін почта жөнелтімдерінде немесе жаяу тәртіппен тасымалданатын тауарлар үшін 1000 еуроны және (немесе) 31 кг құрайды. Егер әкелінетін тауарлардың құны көрсетілген сомадан асып кетсе немесе оның салмағы белгіленгеннен артық болса, баж салығын төлеу қажет болады: – тасымалдаушы немесе пошта жөнелтілімдерімен әкелінетін тауарлар үшін – құнының 15%-ы, бірақ 1 кг артық салмақ үшін 2 еуродан кем емес; – багажбен әкелінетін тауарлар үшін – құнының 30%-ы, бірақ 1 кг үшін 4 еуродан кем емес. Анықтама үшін: бұрын шекті мән тасымалдаушы немесе пошта жөнелтілімдері арқылы тасымалданатын тауарлар үшін 200 еуро және әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерімен багажбен әкелінетін тауарлар үшін немесе жаяу жүру тәртібімен 500 еуро
Жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу шегі 2024 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартылды
29 Сен