Новости

Жекелеген көлік құралдарына куәлікті алу рәсімі автоматтандырылды

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті бірлесіп, «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде («Бірыңғай терезе» АЖ) көлік құралдары конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктерді жекелеген доңғалақты көлік құралдарына беруді автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілді. Ағымдағы жылдың қазан айында аталған куәліктің 175 бірлігі автоматты түрде берілген. Мұндай куәліктерді 175 автобус Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығару үшін алынған. Автоматтандыру «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 қазандағы №848 қаулысын орындау шеңберінде жүргізілген. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген жекелеген доңғалақты көлік құралдары бойынша осындай бірлескен жұмыс жүргізілді (ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 555 қаулысы). Енді «Бірыңғай терезе» АЖ-да жекелеген көлік құралдарына КҚКҚК беру жөніндегі функционалды іске асыру өтініш берушілерге КҚКҚК алғаннан кейін бірден көлік құралдарын тіркеу есебіне қоюға мүмкіндік берді. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.