Новости

Жаппай декларациялау мен мобилді аударымдарды бақылау бойынша кеңес беретін Telegram чат пен консультативтік орталықтар ашылды

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Telegram» мессенджерінде «МКК Жалпыға бірдей декларациялау_мобильді аударымдар» чаты құрылғанын хабарлайды. Чат жалпыға бірдей декларациялау мәселелері, сондай-ақ мобилді аударымдар бойынша сұрақтарға жедел жауаптар беру үшін құрылды. Осы чатта жалпыға бірдей декларациялау және мобилді аударымдарды салықтық бақылау бойынша баспасөз хабарламаларымен және басқа да пайдалы ақпаратпен танысуға болады. Чатқа сілтеме: https://t.me/+68VtkWb1WIgxODky Сондай-ақ, әрбір мемлекеттік кірістер басқармасында «Консультативтік орталықтар» құрылды, республика бойынша 200-ден астам осындай орталықтар бар. Консультативтік орталықтарда жалпыға бірдей декларациялау мен мобильді аударымдарға қатысты барлық сұрақтар бойынша жауаптар беріледі. Мемлекеттік кірістер басқармаларының мекенжайлары мен телефондары ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында (https://kgd.gov.kz/sites/default/files/pages/otvetstv_dgd_po_oblasti_dlya_razm.xlsx) және Telegram чатта орналастырылған.
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.