2024 жылғы 1 қаңтардан бастап деректерді тіркеу немесе беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын қолданатын салық төлеушілер ғана ауысымдық есептерді, қолма-қол ақшаны есепке алу кітаптары мен тауар чектерін, сондай-ақ жою, қайтару чектерін және жою мен қайтару операциялары жүргізілген бақылау-касса машиналарының чектерін басып шығарылған немесе толығымен толтырылған күнінен бастап бес жыл бойы сақтауға міндетті. Онлайн-БКМ қолданатын салық төлеушілер бойынша барлық есептер мен чектер Фискалдық деректер операторларының серверінде сақталады және салық органдарына беріледі. Сондай-ақ 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 тамыздағы №208 бұйрығына сатып сатып алушының (клиенттің), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талабы бойынша БКМ чегінде сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірін басып шығару, сондай-ақ БКМ чегінде техникалық құжаттамада көзделген қосымша деректемелердің мазмұны бөлігінде өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар үлгілері мемлекеттік тізілімге енгізілген деректерді тіркеу немесе беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдана отырып жүргізілетінін еске саламыз. БКМ қолдану тәртібі Салық кодексінің 165-169-баптарында айқындалған. Ақшалай есеп айырысулар – тауар сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін қолма-қол ақша немесе төлем карточкаларын немесе мобильдік төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысулар. Мобильдік төлемдер – дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, жеке практикамен айналысатын адамның, заңды тұлғаның пайдасына тауарды сатып алғаны, жұмыстарды орындағаны, қызметтерді көрсеткені
Бақылау-касса машиналарын қолдануға қатысты 2024 жылы қандай өзгерістер енгізілді
30 Янв