Шекарадан өтуі мен тауарлардың шығарылуын бақылауды орталықтандыру шеңберінде Мемлекеттік кірістер комитеті әкелінетін тауарлардың салмақтық параметрлеріне бақылауды жүргізеді және онлайн режимде кедендік тексерулер жүргізу процесін сүйемелдейді. Мемлекеттік кірістер комитетінің «Ахуалдық орталығы» нақты уақыт режимінде инспекциялық-тексеру кешендерінің рентген суреттерін талдайды. Бақылау заманауи техникалық құрал, сондай-ақ «Бақылау пунктін басқару» интеграцияланған ақпараттық жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Көлік құралдарының кіруінен шыққанына дейін жүктердің өтуін толық бақылау — біріктірілген ақпараттық жүйенің айрықша ерекшелігі болып табылады. Кедендік тексерістердің сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша, сыртқы экономикалық қызметке адал қатысушыларға негізсіз жүктемені азайту мақсатында тәуекелдерді басқарудың қолданыстағы жүйесі тұрақты негізде талданады. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 2023 жылы 26 257 кедендік тексеріп қарау аяқталды, қосымша есептелген салықтар мен төлемдер сомасы 2,5 млрд.теңгені құрады. Сонымен қатар, кедендік тексеруді жүргізу кезінде кеуде бейнетіркегіштерін қолдану мүмкіндігі іске асырылды. Бұл нақты уақыт режимінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының басшылығына кедендік тексеруді жүргізу процесін бақылауға мүмкіндік береді
Кедендік шекарадан жүктің өтуі қалай бақыланады
05 Фев