2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірістер мен мүлік туралы декларациясында (270.00-нысан) көрсетілетін ақпарат тізбесі қысқартылды. Төлем көзінен салық салынатын кірістерді (жалақы, депозиттер бойынша сыйақылар, зейнетақы төлемдері және т.б.) және Қазақстанда тіркелген мүлікті сатып алу немесе иеліктен шығару немесе өтеусіз алу туралы ақпаратты көрсету қажеттілігі алынып тасталды. Сонымен қатар, кірістер мен мүлік туралы декларациясында (270.00-нысан) мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсету жөніндегі міндет, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңында көрсетілген жеке тұлғаларға ғана жүктелген, атап айтқанда: — жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары; — мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары; — лауазымды адамдар мен олардың жұбайлары; — мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары. Қазіргі уақытта, кірістер мен мүлік туралы декларациясына (270.00-нысан) және оны жасау қағидаларына өзгерістер енгізілуде, аталған 270-нысаны бекітілгеннен кейін, Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінде іске асырылатын болады. Сонымен қатар, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімінің басталуына байланысты, Сіз қолданыстағы 270.00 нысанмен де тапсыруға құқылысыз. Егер, 2024 жылы кірістер мен мүлік туралы декларациясы қолданыстағы нысан (270.00 нысаны) бойынша ұсынылса және декларацияға «қабылданды» және «таратылды» мәртебесі берілсе, онда жаңа 270.00 нысаны бойынша декларацияны қайта тапсырудың қажеті жоқ екенін білу маңызды. Естеріңізге сала кетейік, биыл
270.00 нысанды салық декларациясы оңтайландырылды
07 Фев