2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі елеусіз жол-көлік оқиғасы(ЖКО) кезінде міндетті автосақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін ресімдеудің оңайлатылған тәртібін енгізді. Осы мүмкіндікті қамтамасыз ету үшін «Еуропротокол» арнайы мобильдік қосымшасы әзірленді. Оның пайдаланушылары онлайн режимінде сақтандыру ұйымына өтінім беріп, биометриялық сәйкестендіруден өтіп, сандық құжаттарды, фото және бейне материалдарды қоса бере алады, соның негізінде сақтандыру ұйымдары зардап шегушінің банктік шотына сақтандыру сомасын төлей алады. ЖКО-ны ресімдеудің оңайлатылған тәртібі егер аварияға екі автомобильден (қатысушылардан) артық қатысса, залал сомасы 100 АЕК-тен (369 мың теңге) аспаса, үшінші тұлғалардың денсаулығы мен мүлкіне зиян келтірілмесе, екі қатысушының да міндетті автосақтандыру полисі болса, сондай-ақ олардың біреуі кінәні мойындайтын өзара келіскен жағдайда қолданылуы мүмкін. Өз кезегінде, жаңа хаттаманы пайдаланған тұлғалар ЖКО жасағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Күтілетін нәтиже: азаматтардың ЖКО-ны ресімдеуге (15 − 20 минут жұмсалады) және сақтандыру төлемдерін алуға (бес күн ішінде төлем) уақытын үнемдеу. Азаматтарға бұдан былай ұсақ ЖКО-ларды рәсімдеу үшін полицияны кептелісте күтудің қажеті жоқ. Тиісінше, жолдардағы кептеліс жағдайлары төмендейді. Екіншіден, мұндай бұзушылықтар үшін жүргізушілер енді әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Бұрын, жыл сайын 32 мыңға жуық жүргізушіге материалдық залал келтіріп, сот арқылы айыппұл салынған немесе құқығынан айырылған. Үшіншіден, хаттама жасаудан бастап сот қаулысы күшіне енгенге дейін сот рәсімдерін алып тастау есебінен сақтандыру төлемдерінің
Ұсақ жол-көлік оқиғасы(ЖКО) үшін «Еуропротокол» қосымшасы іске қосылды
08 Фев