Сдача налоговых отчетов

851 нысанын қалай толтыру керек

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер 851.00 нысан бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есебін салық органдарына: — уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген жер учаскесі бойынша есептелген төлемақы бойынша жер учаскесінің орналасқан жері бойынша (ҚР СК 565-б.); — пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде жер қойнауын пайдаланушыға берілген жер қойнауы учаскесі бойынша төлемақы бойынша жер қойнауы учаскесінің орналасқан жері бойынша. Төлемақы төлеушілер ағымдағы төлемдер сомаларының есебін есепті салық кезеңінің 20 ақпанынан кешіктірмей табыс етеді. Есепті салық кезеңінің 20 ақпанынан кейін уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарт жасасқан тұлғалар ағымдағы төлемдер сомаларының есебін шарт жасасқан айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді. Мысалы, егер жергілікті жер қатынастары бөлімімен шарт 2024 жылғы 21 ақпанда жасалса, онда салық төлеушіде ағымдағы төлемдерді есептеу бойынша міндеттемелер 2024 жылғы 20 наурыздан кешіктірілмейтін мерзімде туындайды. 851.00 нысанын қалай толтыруға болады? 851.00.001 жолында 851.01 және 851.02 нысандарының барлық қосымшалары бойынша J және E бағандарының сомасы ретінде айқындалатын, салық кезеңі үшін бюджетке төлеуге жататын, төлемақы төлеушілер есептеген барлық жер учаскелері бойынша төлемақының жалпы сомасы көрсетіледі. 851.00.002 жолында Салық кодексінің 564-бабы 4-тармағында белгіленген мерзімде бюджетке төлеуге жататын есептелген ағымдағы төлемдер сомасы көрсетіледі: 851.00.002 І жолында салық кезеңінің 25 ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде төлеуге төлемақы сомасы көрсетіледі; 851.00.002 II жолында
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.