Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша салық шегерімдерін қолдану үшін сіз жұмыс істейтін ұйымның бухгалтериясына растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беру қажет. Оларға мыналар жатады:
- Тұрғын үй құрылысы жинақ банкімен ипотекалық тұрғын үй заемы шарты.
- Сыйақы сомасын бөле отырып, ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі.
- Осындай қарыз бойынша сыйақыны өтеуді растайтын құжат.
Салық шегерімдері мынадай күндердің неғұрлым соңғысы келетін салық кезеңінде қолданылады: ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі бойынша сыйақыны өтеу күні; сыйақы төленген күн.

Жоғарыда көрсетілген салық шегерімдерін қолдану ипотекалық кредит бойынша ай сайынғы төлемнің мөлшеріне әсер етпейді, бірақ қарыз алушының «қолына» алатын жалақысының мөлшерін ұлғайтады.