Новости

Қандай жағдайда ЭШФ жазылмайды

Кейбір жағдайларда ЭШФ жазып беру талап етілмейді. Бұл, сондай-ақ, жеке тұлғаларға жеке пайдалануы үшін тауарларын сатқан сатушыларға да қатысты. Тағы да қандай жағдайларда ЭШФ жазып бермеуге болатынын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде айтып берді. Пилоттық жоба қағидаларына (Қағидаларға сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023152) алып қою тізбесіндегі тауарларды, импортталған тауарларды, «Виртуалды қойма» модуліне келіп түскен тауарларды: 1) сатып алынған тауарды жеке, отбасылық, үй ішінде немесе кәсіпкерлік қызметке байланысты емес өзге де пайдалану (түпкілікті тұтыну) мақсатында пайдаланылатын жеке тұлғаларға өткізу кезінде; 2) ҚҚС төлеушілері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес микро кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын салық төлеушілермен жеке және заңды тұлғаларға өткізу кезінде электронды шот-фактура жазып беру, сонымен қатар бір күнде өткізген тауарлар үшін ЭШФ-ны жазып беру талап етілмейді. Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 2022 жылдан бастап аталған салық төлеушілер тауарларды: 1) сатып алынған тауарды жеке, отбасылық, үй ішінде немесе кәсіпкерлік қызметке байланысты емес өзге де пайдалану (түпкілікті тұтыну) мақсатында пайдаланылатын жеке тұлғаларға өткізу кезінде; 2) жеке тұлғаларға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес микро кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын салық төлеушілерге өткізу кезінде электронды шот-фактура жазып беру талап етілмейді. «Осылайша, 2021 жылы алып қою тізбесіндегі тауарларды, импортталған тауарларды, «Виртуалды қойма» модуліне келіп түскен тауарларды сату кезінде ЭШФ жазып беру бойынша міндеттемені анықтау үшін Пилоттық жоба қағидаларын басшылыққа алу
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.