Онлайн бақылау-касса машиналарының (БКМ) жұмысы туралы Онлайн бақылау-касса машиналары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз хабарламасында хабарлады. Интернет болмаған жағдайда, кәсіпкерлер онлайн бақылау-касса машиналардын фискалдық чектерінің орнына тауар чектерін бере алады. Сондай-ақ , онлайн-БКМ бойынша «Тауар чектерінің» кітабын мемлекеттік кірстер органдарында тіркеу және желі пайда болғанда берілген тауар чектерін онлайн бақылау-касса машиналарына енгізу қажеттілігі жоқ. Тек салық есептерін тапсыру кезінде ақшалай есеп-айырысуды есептілікте көрсетсе жеткілікті. Тауар чегі – ақшалай есеп айырысу негіздеуі фактісін растайтын бастапқы есептілік құжаты, бақылау-касса машиналардың техникалық ақауы жағдайларда немесе электр қуаты болмағанда қолданады. Бұл ретте, кәсіпкер тауар чегінде өткізілген тауарларлардың, көрсетілген қызметтердің атауы мен санын көрсетпестен, сомасын ғана көрсетуіне болады. Айыппұл санкциялары қолданылмайды.
Интернет болмағанда касса машинасы істейді ме?
11 Янв