2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберінде арыздарды беру үшін мемлекеттік баж алымының жаңа түрі енгізілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Енген өзгерістерге сәйкес, талапкер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің шеңберінде талабын сотқа берген жағдайда, сол талап бойынша ерекше талап қою істерін, ерекше іс жүргізу істерін арыздарға (шағымдарға) сәйкес қарастыру үшін, арызданушы – 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттiк бажды төлеуі қажет (2022 жылы 1532 теңге). Мемлекеттік баждың төлеушісі – сотта мүддесі қаралатын өтініш берушілер болып табылады. Мемлекеттік бажды өтініш берушілер өтінішті бергенге дейін төлеуі қажет. Өтінішерді (шағымдарды) қарайтын сотар — уәкілетті органдар болып табылады.
Мемлекеттік баж алымының жаңа түрі енгізілді
30 Янв