Вопросы-Ответы

Чекті кім беруге міндетті?

Бақылау-касса машиналары: чекті кім беруге міндетті? ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде бақылау-касса машиналарын қолдануға қатысты түсіндірме берді. Бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолдау тәртібі Салық кодексінің 165-169 баптарында айқындалған. Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi. Ақшалай есеп айырысулар – қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын және (немесе) мобильдік төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жүзеге асырылатын есеп айырысулар. Осылайша, ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде барлық салық төлеушілер БКМ қолдануға міндетті. Мына тұлғалар БКМ қолданудан босатылған: 1) жеке тұлғалар; 2) жеке сот орындаушылар, адвокаттар мен медиаторлар; 3) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, халыққа қызмет көрсетіп, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдаушылар; 4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі; 5) қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ жерлердегі салық төлеушілер; 6) екінші деңгейдегі банктер; 7) діни бірлестіктері; 8) ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларды қоспағанда, ақшалай есеп айырысулары кезінде Ұлттық пошта операторлары; 9) арнаулы мобильді қосымша («e-Salyq Business» мобильді қосымшасы) арқылы жүргізілетін ақшалай есеп айырысулар бойынша кәсіпкерлер. Қызметін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.