Салық төлеушілерге арналған мобильді қосымшалар «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын жеке тұлғалар қолданады. Бүгінде 1,5 млн. азамат осы қосымшаны пайдалануда. Қосымша меншік салықтарын (мүлік, жер, көлік салықтары) ыңғайлы төлеу үшін әзірленген. «E-Salyq Azamat» көмегімен: — жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде 580 мыңға жуық декларация немесе 44%-і табыс етілді; — 200 млн. теңгеден астам салықтар мен төлемдер төленді. Мынадай пысықтаулар жоспарлануда: — чектерді бермегені және банк картасын қабылдаудан бас тартқаны үшін шағым беру («Азаматтық бақылау – Чекті талап ет» акциясы); — жеке шоттарды қарау; — жолаушылардың кедендік декларациясын ұсыну және т.б. «E-Salyq Вusiness» мобильді қосымшасы жеке кәсіпкерлер үшін әзірленген. Бүгінде 439 мың жеке кәсіпкер осы қосымшаны пайдалануда. Қосымшада мынадай функционал жүзеге асырылған: — ЖК ретінде тіркелудің жеңілдетілген тәртібі; — салық режимін таңдау немесе өзгерту; — БКМ қолданбай чек беру және фискалдық деректер операторларының қызметтеріне ақы төлеу; — әр түрлі анықтамалар алу. Мынадай пысықтаулар жоспарлануда: — жеңілдетілген декларацияны (910-нысан) алдын ала толтыру сервисін құру; — такси мен жеткізу қызметтері бойынша интернет-платформалармен интеграциялау.
Салық төлеушілерге арналған мобильді қосымшалар
30 Сен