Электронды кедендік декларациялау «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі өз тиімділігін көрсетті. Кедендік декларациялардың 100%-ы электронды түрде шығарылады. Оның ішінде 82% -ы 1 минут ішінде автоматты түрде шығарылды (4,6 млн. ДТ-дан 3,8 млн.). Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бір терезе» порталында кедендік тазарту үшін кедендік қызметтер мен рұқсат беру құжаттары автоматтандырылды. Қызмет көрсетудің орташа уақыты 30 күннен 5 күнге дейін қысқартылды. Тәуекелдерді басқару жүйесінде тиімсіз өлшемдер өзекті және объективті өлшемдермен алмастырылады. Тұтастай алғанда, бұл жүйелер тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесіне интеграцияланған. Одан бөлек, импорттан соңғы тұтынушыға дейінгі барлық тізбек бойынша тауарларды бақылау жүйесі құрылған. Жоғарыда көрсетілген іс-шаралардың әсері: — бизнес жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайлар жасау; — жаңа сандық өнімдерді енгізу; — бюджет кірістерін ұлғайту.
Электронды кедендік декларациялау
30 Сен