Новости

Кедендік инфрақұрылымды жаңғырту

«Бір терезе» қағидаты бойынша интеграцияланған кедендік бақылауды енгізу жоспарлануда. Кеден саласын одан әрі жаңғырту мынадай екі бағыт бойынша дамиды. Бірінші. ЕАЭО сыртқы шекарасында өткізу пункттерін (9 авто және 1 т/ж) құру және реконструкциялау арқылы кедендік инфрақұрылымды жаңғырту жүргізілуде: * сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қаржылық шығындарын азайту және елдегі бизнес-ахуалды жақсарту * өткізу қабілетін 8 есеге дейін арттыру (тәулігіне 1 000-нан 8 400 КҚ-ға дейін), шекарадан өту уақытын қысқарту (2 сағаттан 25 минутқа дейін) * транзиттік әлеуетті дамыту және кедендік рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету. Екінші. Бас диспетчерлік басқарма Ахуалдық орталық пен Мемлекеттік кірістер комитетінің Электрондық декларациялау орталығын біріктіру арқылы құрылды. Басқармада шекараны кесіп өтуді автоматтандырылған мониторинг жасалып бақыланады және адами фактор алынып тасталған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барынша азайтылды. Болашақта Мемлекеттік кірістер комитеті ИДК суреттерін тану тәжірибесінен бас тартып, жасанды интеллектісі бар бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланатын болады. Өткізу пункттерінде электрондық кезек жүйесін жоспарлы түрде енгізілуде.
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.