15 қарашаға дейін салық есептілігін тапсыруды ұмытпаңыз 2022 жылғы 15 қарашада келесі нысандар бойынша салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталады: ф.101.03 — Резиденттің табысына салынатын төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі; ф.101.04 — Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі; ф.200 — Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация; ф.300 — Қосылған құн салығы бойынша декларация; ф.400 — Акциз бойынша декларация; ф.421 — Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз салық есебі; ф.570 — Экспортқа рента салығы бойынша декларация; ф.590 — Пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша декларация; ф.710 — Ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша декларация; ф.860 — Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық декларация; ф.870 — Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық декларация; ф.913 — Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация. Декларацияны ұсыну тәсілдері: — «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (cabinet.salyk.kz); — СОӨЖ ақпараттық жүйесі (бағдарламаны МКК сайтынан тегін жүктеп алуға болады); — қағаз түрінде. Бұл ретте, есептілік тапсырудың соңғы күндерінде ақпараттық жүйе мен байланыс арналарына жүктеменің артуын болдырмау мақсатында салық есептілігін алдын-ала ұсынуға кеңес береміз. Одан бөлек, декларация ұсыну мерзімдерін ұзартуға болатынын еске саламыз.
15 қарашаға дейін салық есептілігін тапсыру керек
04 Ноя