Новости

Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін өсірді

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін өсіретінін хабарлады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-несие саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.п. дәлізімен жылдық 16,75%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА хабарлайды. Шешім болжамдар мен нақты деректерді талдауға негізделген. Оған геосаяси жағдайдың белгісіздігі және оның салдары түріндегі экологиялық факторлар, сондай-ақ әлемдегі азық-түлік бағасының тұрақты жоғарылығы негіз болды. Отандық экономика тарапынан тарихи максималды инфляциялық күтулер, сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігі, сондай-ақ импорттың жедел өсуімен сауданы қайта құрылымдау байқалады. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеру циклінің аяқталуына жақындады. Қол жеткізілген деңгей айтарлықтай жоғары деп бағаланады. Базалық мөлшерлемені ұзақ уақыт бойы ағымдағы мәндерде ұстау инфляцияны тұрақтандыруға және оны орта мерзімді перспективада біртіндеп төмендетуге көмектеседі. Жаңа проинфляциялық күйзелістердің болмауы жағдайында ақша-несие саясатын одан әрі қатаңдату ықтималдығы төмен деп бағаланады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Ақша-несие саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2023 жылғы 13 қаңтарда Астана уақытымен сағат 14:00-де жарияланады.
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.