Новости

Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін растау қағидаларына өзгерістер енгізілді

2022 жылғы 20 желтоқсаннан бастап техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін растау қағидаларына өзгерістер күшіне енеді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. «Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау, шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты техникалық реттеу бөлігінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 287, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 266 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 500 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2022 жылғы 23 қарашадағы № 1185, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № ҚР ДСМ-135 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 445-НҚ бірлескен бұйрығы жарияланды. Енгізілген өзгерістер шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылауды мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларымен аяқтау мерзімін қарастырады. Енді мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерімен шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылауды аяқтаудың максималды мерзімі ҚР аумағына әкелінген тауарлардың қауіпсіздігін растайтын құжаттарды ұсыну сәтінен бастап 4 жұмыс күнін құрайды. Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылауды аяқтау мерзімдері бойынша міндеттемесі шетелдік тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп уақытылы танудың кепілі болып табылады. Осы бірлескен бұйрық Қазақтан
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.