Новости

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу тұралы бұйрықтың жобасын талқылау

Мемлекеттік кірістер комитеті тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың аяқталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы арасында 2022 жылғы 30 желтоқсанда бизнесті дамытудың негізгі тәсілдеріне бағдарланған ТІЖ ресімдеу жөніндегі міндеттемелерді түбегейлі қайта қарау жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум жасалғанын ескере отырып, ТІЖ рәсімдеу қағидаларының жобасы әзірленді. Әзірленген жоба мынадай санаттар бойынша ТІЖ рәсімдеу міндеттемелерін көздейді: — 2023 жылғы 10 ақпаннан бастап тауарлардың жекелеген түрлері бойынша ЕАЭО экспорты мен импортына; — 2023 жылғы 1 сәуірден бастап алкоголь, мұнай өнімдері және Қадағалау механизмі туралы келісімге сәйкес қадағалануға жататын тауарлар бойынша, сонымен бірге, ЕАЭО-ның шеңберінде экспорты мен импортына. Осы бұйрық шеңберінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде бар мәліметтерді пайдалану негізінде салықтық бақылау оңтайландырылды. Бұйрық жобасы Ашық НҚА (LEGALACTS) порталында орналасқан. (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14393976)   Барлық мүдделі тұлғаларды, қоғамдық бірлестіктерді, бизнес қауымдастықтарды және салық төлеушілерді осы жобаны талқылауға белсенді қатысуды сұраймыз.
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.