Новости

Цифрлық майнинг үшін төлемнің жаңа ставкалары

2023 жылдың 1 қаңтардан бастап цифрлық майнинг үшін төлемді реттейтін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер енгізілді.

2023 жылдың 1 қаңтардан бастап цифрлық майнинг үшін төлемақы бойынша декларацияны ұсыну (880.00-нысан) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кіріс органына жүзеге асырылады.

Ұсыну мерзімі — тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей.

Цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеу БКК 105 317 бойынша есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, өткен кезең үшін 2022 жылға (салық кезеңі-жыл) салық есептілігін ұсыну қажет.

Бұл ретте, Салық кодексінің 606-3-бабының жаңа редакциясына сәйкес цифрлық майнинг үшін төлемақы мөлшерлемесінің мөлшері 1 киловатт-сағат электр энергиясының құнына байланысты болады. 1 квт/сағ э/э бағасы деп тұтынушы мен энергиямен жабдықтаушы ұйым арасында жасалған шартта және (немесе) қосылған құн салығын (ҚҚС) қоса отырып, коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері негізінде энергиямен жабдықтаушы ұйым жазып берген төлем құжатында көрсетілген электр энергиясының құны түсініледі.

Мысалы, егер 1кВт/сағ е/е бағасы 17 теңге болса, онда төлем сомасы 1кВт / сағат э/э үшін 9 теңгені құрайды. Егер 1кВт/сағат э/э бағасы 17,1 немесе 17,9 теңге болса, онда төлем сомасы 1 кВт/сағат э/э үшін 8 теңгені құрайтын болады.

Атап кету керек:

— меншікті электр энергиясын пайдаланған кезде төлем 1 кВт/сағат э/э  үшін 10 теңге мөлшері бойынша есептеледі;

—  жаңартылатын электр энергиясы  көздерінен (бұдан әрі-ЖЭК) өндірілген электр энергиясын пайдалану кезінде электр станцияларының меншік құқығынан (жалға алу, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару) басқа иеленудің өзге нысандарының негізінде пайдаланған кезде 1 кВт/сағ үшін 10 теңге мөлшерлемесі қолданылатын болады.

— электр энергиясын тұтыну көлемін есепке алудың бақылау аспаптары болмаған және (немесе) олар майнинг мақсатында ақаулы күйде болған жағдайда, онда төлем тұтынылған э/э 1 кВт/сағат үшін 25 теңге мөлшері бойынша есептелетін болады.

№ п/пТұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағатының бағасы (теңгемен)Электр энергиясының 1 киловатт-сағатына төлемақы ставкасы (теңгемен)
1.1қоса алғанға дейін25
2.1-ден 2-ге дейін қоса алғанда24
3.2-ден 3-ке дейін қоса алғанда23
4.3-тен 4-ке дейін қоса алғанда22
5.4-тен 5-ке дейін қоса алғанда21
6.5-тен 6-ға дейін қоса алғанда20
7.6-дан 7-ге дейін қоса алғанда19
8.7-ден 8-ге дейін қоса алғанда18
9.8-ден 9-ға дейін қоса алғанда17
10.9-дан 10-ға дейін қоса алғанда16
11.10-нан 11-ге дейін қоса алғанда15
12.11-ден 12-ге дейін қоса алғанда14
13.12-ден 13-ке дейін қоса алғанда13
14.13-тен 14-ке дейін қоса алғанда12
15.14-тен 15-ке дейін қоса алғанда11
16.15-тен 16-ға дейін қоса алғанда10
17.16-дан 17-ге дейін қоса алғанда9
18.17-ден 18-ге дейін қоса алғанда8
19.18-ден 19-ға дейін қоса алғанда7
20.19-дан 20-ға дейін қоса алғанда6
21.20-дан 21-ге дейін қоса алғанда5
22.21-ден 22-ге дейін қоса алғанда4
23.22-ден 23-ке дейін қоса алғанда3
24.23-тен 24-ке дейін қоса алғанда2
25.24-тен жоғары1

 

 

Добавить комментарий