ЭСФ

Электрондық шот-фактураларды жазып беруді шектеу

Электрондық шот-фактураларды жазып беруді шектеу мен тәуекел дәрежесі: 2023 жылы қандай өзгеріс енгізілді? Мемлекеттік кірістер комитетінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған жағдайда электрондық шот-фактураларды жазып беруді шектеу бойынша түсіндірме берді. Өзгерістер 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді. Өзгерістер мен толықтырулар Салық кодексінің 19-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына, 95-бабының 2-тармағына, 96-бабына, 145-бабының 3-тармағына, 402-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы және 412-бабына енгізіліп, 13-тарау 120-1-баппен толықтырылды. Түзетулер «электрондық шот-фактураларды жазып беруді шектеу» пилоттық жобасын, тәуекел дәрежесі бойынша камералдық бақылаудың бұзылу дәйектемесін заңнамалық бекітуді және камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны орындау тәртібін қайта қарауды көздейді. Осылайша, камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда мынадай шаралар қолданылады. Тәуекел дәрежесі жоғарыбұзушылықтар бойынша анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы және олардың тәуекел дәрежесі қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолданады. Бұл ретте тауарларды өткізу, жұмыстар мен қызметтер көрсету бойынша нақты айналым жасауды белгілеу мақсатында электрондық нысанда шот-фактуралар жазып берілгеннен кейін жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар болып табылады. Тәуекел дәрежесі орташабұзушылықтар бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жолдайды. Мұнда камералдық бақылау нәтижелері бойынша қалыптастырылатын стандартты хабарламалар. Тәуекел дәрежесі төменбұзушылықтар бойынша анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы және олардың тәуекел дәрежесі
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.