Бұған дейін 2018 жылдан бастап Салық кодексімен шет мемлекеттерден, шетелдіктерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғаларға мемлекеттік кірістер органдарына есептілік беруі туралы талап енгізілген болатын. Мәліметтерді қызметі заң көмегін көрсетуге, қоғамдық пікірге сауалнамаларды, социологиялық сауалнамаларды зерделеуге және жүргізуге бағытталған тұлғалар ұсынады (Салық кодексінің 29-бабы, 1-тармағы, 1-тармақшасы). 2022 жылы Салық кодексінің 29-бабына түзетулер енгізілді, оған сәйкес мемлекеттік кірістер комитеті өзінің интернет-ресурсында шетелдік көздерден ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың тізілімін жариялайды. Бұл түзету тұтастай алғанда азаматтардың мемлекетке де, үкіметтік емес ұйымдарға да сенім деңгейін арттыруға бағытталған. Көрсетілген тізілім тиісті есептілікті ұсынғаннан кейін 2023 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша орналастырылатын болады.
Шетелдік көздерден қаржыландырылатын тұлғалардың тізілімін жүргізу туралы
17 Мар