Этил спиртін және алкоголь өнімдері өндіруге, сондай-ақ алкоголь өнімдерін сақтауға, көтерме және бөлшек саудада өткізуге лицензияны алу үшін қандай құжаттар ұсыну керек, Қазақстанда лицензиялық алымның ставкалары қандай? Өтініштерді қабылдау және лицензиялар беру «электронды үкімет» веб-порталы www.egov.kz (http://internal.elicense.kz) арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру кезінде), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары (алкоголь өнімдерін сақтауға, көтерме және бөлшек саудада өткізуге лицензия беру кезінде) көрсетілетін қызметті берушілер болып табылады. Алым сомалары белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және уәкілетті мемлекеттік органға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін немесе лицензия алғанға дейін алым төлеушінің орналасқан жері бойынша төленеді (БСК 105402). Сыра мен сыра сусынынан басқа, этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруге лицензия бергені үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері – 3000 АЕК; сыра және сыра сусыны өндірісі үшін – 2000 АЕК. Алкоголь өнімдерін сақтауға және көтерме саудада өткізуге арналған лицензия беру үшін лицензиялық алым – 200 АЕК құрайды. Алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия бергені үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері: астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – 100 АЕК; аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде – 70 АЕК; ауылдық елді мекендерде – 30 АЕК. Этил спиртін өндіруге
Алкоголь өнімін өндіруге және сатуға лицензияны қалай алуға болады?
04 Апр