Новости

Алаяқтар жеке құжаттардың көшірмелерін сұрай бастады

Бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер органдарының атынан алаяқтар мессенджерлер арқылы жеке құжаттардың көшірмелерін сұрай бастаған жағдайлар жиілеп кетті. Осыған орай Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілердің атына осындай хабарламалар жібермейтінін хабарлаймыз. Осыған байланысты Сізден осындай бейресми дереккөздерге қырағы болуыңызды сұраймыз, өйткені құжаттар одан әрі алаяқтық мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Сондай-ақ, тіркелген, есептен шығарылған ЖК туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-порталында орналастырылғанын хабарлаймыз kgd.gov.kz. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖК ретінде тіркеу есебіне қою хабарлама жасау тәртібіне ауыстырылғанын қосымша хабарлаймыз, жеке тұлға мемлекеттік кіріс органына ЖК ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама ұсынады. ЖК ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама электрондық тәсілмен – Қазақстан Республикасының «Е-license» электрондық лицензиялау порталы арқылы және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы арқылы жіберіледі. ЖК ретінде тіркелгенін растайтын құжат «Хабарламалар тарихы» бөлімінде «Е-license» жеке кабинетінде қолжетімді ЖК ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама болып табылады. Бұл ретте «Е-license» жеке кабинетіне кіру үшін жеке тұлғаның электрондық-цифрлық қолтаңбасы арқылы сәйкестендіру қажет екенін хабарлаймыз.                           ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметі  
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.