ЭСФ

ЭШФ АЖ пайдаланушыларын авторизациялау арқылы QR кодын сканерлеу

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 08.06.2023 ж. Астана қ. уақыты бойынша сағат 17:30-дан  сағат 19:00-ге дейін «электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде жүйені тоқтаусыз жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Жүйені жаңарту веб-порталда авторизациялау бойынша қосымша функционалды қосу мақсатында жүргізілді.

Веб-нұсқада ЭЦҚ авторизациялаудың баламасы ретінде кілтпен QR-кодтың көмегімен авторизациялау мүмкіндігі берілді.

QR коды арқылы авторизацияны таңдау кезінде:

  1. «Кіру» — «QR көмегімен Кіру» түймесін басыңыз;
  2. Ұялы телефонда қосымшаны ашып, eGov mobile-ға кіріңіз;
  3. EGov mobile басты бетінде «eGov QR» түймесін басыңыз;
  4. ЭШФ АЖ веб-порталында көрсетілген QR-кодты ұялы телефон арқылы сканерлеп, қол қойыңыз, содан кейін экранда » қол қою сәтті орындалды!».

Әрі қарай, логин мен құпия сөзді енгізу керек.

Авторизация жұмысы бойынша QR-код арқылы сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштасына  немесе байланыс орталығының 8 (7172) 72-78-72 телефон желісі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

 

Добавить комментарий