Новости

БКМ мен POS-терминалды біріктіру

Бизнесті дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту үшін және клиентке бағдарлану қағидатына сәйкес қолайлы жағдайлар жасау мақсатында, 2022 жылдың 16 мамырынан бастап 2023 жылдың аяғына дейін Салық кодексінің 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті БКМ функцияларын банктердің POS-терминалдарымен біріктіру бойынша Пилоттық жоба жүргізуде. Пилоттық жобаның артықшылықтары: — тегін қосылу және қызмет көрсету, кәсіпкерлер фискалдық деректер операторларының қызметтеріне ақы төлеу шығындарын қысқарта алады; — POS-терминал мен БКМ біріктіретін бір аппарат; — клиентте бір чек. Пилоттық жоба ерікті сипатта болады, БКМ-мен есеп айырысу туралы деректер Комитеттің ақпараттық жүйесіне тікелей беріледі. 2023 жылдың 22 мамырында Пилоттық жобаға қатысушыларға «Салық төлеуші кабинеті» веб-қосымшасының жеке кабинетіне Пилоттық жобаның шарттарын түсіндіре отырып, хабарландыру жіберілді. Бүгінгі таңда Пилоттық жобаға 18 мыңнан астам салық төлеуші қатысады. Қазіргі уақытта Пилоттық жобаға Kaspi pay мобильді қосымшасы және «Kaspi Касса» сервисін іске асырумен POS-терминалы арқылы Каспий банкі қатысуда. Kaspi Кассасын қосу үшін заңды тұлғаның басшысы немесе жеке кәсіпкер «Сату жері мен кассирлер» бөліміне өтіп, қажетті орынды таңдап, «Kaspi Кассаны қосу» түймесін басып, шарттармен танысып, экрандағы кейінгі әрекеттерді орындау қажет.  
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.