Новости

10-шы шілдеге дейін онлайн бақылау-касса машиналарының сәйкестігін тексеру

Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында фискалдық деректер операторларымен (ФДО), бақылау-касса машиналарын (БКМ) өндірушілерімен және жеткізушілерімен бірлесіп, деректерді онлайн-БКМ-нан ФДО-ның («Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Jusan Mobile» АҚ, «КаР-Тел» ЖШС) серверіне беру 2.0.2 нұсқалы Хаттамасын жасау бойынша жұмыстар жүргізді.

      2.0.2 Хаттамасының артықшылығы:

  1. Клиенттің талабы бойынша фискалдық чекте сатып алушының ЖСН/БСН көрсету мүмкіндігі. Егер сатып алушының чегінде ЖСН немесе БСН көрсетілсе, онда 1 000 АЕК-тен асатын мәмілелер бойынша ҚҚС төлемейтіндер үшін мұндай чек электрондық шот-фактураның орнына корпоративтік табыс салығын шегеруге арналған растаушы құжат болып табылады.
  2. «Мобильді төлем» атты төлемнің жаңа түрі қосылды.
  3. Тауардың атауын көрсету мүмкіндігі.

     Салық заңнамасын сақтау мақсатында, онлайн-БКМ-ның Хаттаманың 2.0.2 нұсқасына сәйкестігін тексеру қажет.

Егер онлайн-БКМ 2.0.2 Хаттамасынан басқа Хаттамаларда жұмыс істейтін болса, онлайн-БКМ-ді 2.0.2 нұсқасының Хаттамасына алдын ала қайта бағдарламалау қажет.

Сондай-ақ, жалпыға бірдей 2.0.2 Хаттамасына көшу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде, 2023 жылғы 10 шілдеден бастап 1.2.4 нұсқалы хаттаманы бұғаттау жоспарланып отырғанын хабарлаймыз.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 284-бабының 3-тармағына сәйкес бақылау – бақылау-кассалық машинаның чегін немесе тауар чегін бермеу не бақылау-кассалық машинаның чегін немесе тауар чегін тауарға немесе көрсетілетін қызметке төленген сомадан артық немесе кем сомаға беру – ескертуге әкеп соғады, ал бір жыл ішінде қайталап әрекет жасалған жағдайда айыппұл салынатынын қосымша хабарлаймыз.

Сұрақтар бойынша онлайн-БКМ тіркелген ФДО байланыс орталығына мына нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:

— «Қазақтелеком » АҚ» – 8 800 080 00 51, 8 727 259 00 51, 8 7172 59 00 51;

— «Транстелеком» АҚ – 8 7172 647-647 немесе 1702;

— «Jusan Mobile» АҚ – 8 727 2 377-777;

— «КаР-Тел» ЖШС – 8 727 321 03 03, 8 7172 73 83 83 немесе 2106.

 

Добавить комментарий