Сдача налоговых отчетов

МКК салық декларацияларының санын азайтады

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру аясында Мемлекеттік кірістер комитеті салық есептілігі нысандарының санын 30%-ға қысқарту бойынша жұмыс жүргізуде. Жалпы, 2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін нысандар саны 44%-ға немесе 70-тен 39-ға дейін қысқарды. Нәтижесінде Мемлекеттік кірістер комитетінде бүгінгі күні бекітілген 39 салық есептілігі нысанының 20-ға жуық нысанын  ғана қалдыру мәселесі қаралуда. Сонымен қатар, оларды толтыруды жеңілдететін ақпараттық жүйелердің деректері негізінде декларацияларды алдын ала толтыру функционалын енгізу жоспарлануда. Жаңа Салық кодексінің аясында нөлдік көрсеткішпен есептілікті тапсыру міндеттемесін алып тастау ұсынылып отыр. Осы норманы енгізу шоттарды бұғаттауды, әкімшілік айыппұлдар салуды, сондай-ақ әрекетсіз салық төлеушілердің тізіміне енгізуді болдырмайды. Қабылданған шаралар нәтижесінде ұсынылатын салық есептілігі нысандарының саны 33%-ға немесе 3 млн-ға жуық азаяды деп күтілуде. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі  
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.