Новости

Салық органдары салық төлеушілерге міндеттемелерін орындауды жеңілдетпек

Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушіні оның қызметінің бүкіл өмірлік циклі бойынша сүйемелдеу тетігін енгізуді жоспарлап отыр. Декларацияларды алдын ала толтыру тетіктері, кәсіпкерлерге салық заңнамасы бойынша қарапайым және түсінікті оқыту бейнероликтерін, есептілікті тапсыру және салықтарды төлеу қажеттілігі туралы кеңестер жіберу ұсынылатын болады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Ең бастысы, МКК міндеттемелерді орындаудың қолайлы нұсқасын ұсынады, ал жаңадан бастаған кәсіпкер тек таңдауы керек. Мұндай шешімдер жасанды интеллект негізінде енгізілуі мүмкін. Бүгін салықтарды төлеу және салық есептілігін ұсыну мерзімі туралы push-хабарламалар жіберілуде. Қазір жеке кәсіпкер және бақылау-касса машинасын тіркеу, салық төлеу және жеке тұлғалардың мүлік мен көлік құралдарына салынатын салықтар бойынша алдағы төлемдерді өтеу, салық есептілігін тапсыру сияқты қызметтер электрондық үкіметтің сервистеріне, әртүрлі интернет алаңдарына және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларына шығарылды. Мұндай қызметтер міндеттемелерді орындау үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Жалпы, Мемлекеттік кірістер комитетінің электрондық қызметтерінің үлесі 99% құрады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Жолдауында фискалдық органдар мен салық төлеушілер арасындағы өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу қажеттігін ерекше атап өтті. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі  
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.