2023 жылы МКК-ға қатарынан үш айдың әрқайсысы ішінде 100 түрлі тұлғадан жеке банктік шотқа аударымдар алған жеке тұлғалар бойынша банктерден мәліметтер келіп түсті. Банктер мәліметтерді тек осы өлшемшарттарға сәйкес келген адамдар бойынша жібереді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Өндірістік емес төлмедерді, жеке тұлғаларды және арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов баспасөз конференциясы барысында хабарлады. Банктерден ақпарат кезең кезеңімен беріледі: 1) 2023 жылдан бастап – мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша (2022 жылдың қорытындысы бойынша); 2) 2024 жылдан бастап – мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары бойынша (2023 жылдың қорытындысы бойынша); 3) 2025 жылдан бастап – жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары бойынша (2024 жылдың қорытындысы бойынша); 4) 2026 жылдан бастап – халықтың қалған бөлігі бойынша (2025 жылдың қорытындысы бойынша). Бүгінгі таңда ақпарат тек 2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша алынды. Бұл жоба жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған, өйткені көптеген кәсіпкерлер тауарлар, қызметтер үшін төлемді жеке шоттарға (дүкендер, такси жүргізушілері және т.б.) мобильді аударымдар арқылы алады. Сонымен қатар, аударымдар көбінесе чектер берілмей қабылданады. Осыған байланысты кәсіпкерлерге кәсіпкерлік қызметке арналған шоттарға (бизнес-шоттарға) төлем қабылдауды ұсынамыз. Бақылау шараларына келетін болсақ, бірінші кезеңде екі бағыт бойынша камералдық бақылау жүргізіледі (талдау келесі жылы жоспар бойынша
Азаматтардың мобильді аударымдардың салықтық бақылауы қалай жүргізіледі
20 Дек