Новости

«CARGORUQSAT» ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕЗЕК БОЙЫНША

Қазақстан-Ресей шекарасында «CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесін енгізу жобасы іске асырылуда. Сол бойынша ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті аудит департаментінің директоры Қадыр Исмагулов ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз конференциясында айтып берді. 2023 жылғы 1 қарашадан бастап «CarGoRuqsat» «Бидайық» автомобиль өткізу пунктінде (Солтүстік Қазақстан облысы) қолданылады. 2024 жылғы 15 қаңтардан бастап – «Қарашатау» (Ақтөбе облысы) және «Жезкент» (Абай облысы) өткізу пункттерінде қолданылады. 2024 жылғы 31 қаңтардан бастап – «Убе» (Шығыс Қазақстан облысы) және «Ақсай» (Батыс Қазақстан облысы) өткізу пункттерінде қолданылады. Электрондық кезекті енгізу туралы ақпарат республикалық және өңірлік деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында алдын ала жарияланды. «CarGoRuqsat» тасымалдаушыларға Ресей Федерациясымен шекарадан өту үшін кезекті алдын ала брондау мүмкіндігін береді. Электрондық кезекті қолдану шекарадан өтудің ашықтығы мен жеделдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, жүк машиналарының жиналуына жол бермейді. «CarGoRuqsat» мемлекеттік органдардың 13 ақпараттық жүйесімен біріктірілген, бұл бақылау функцияларының бір бөлігін автоматтандыруға және адами факторды алып тастауға мүмкіндік берді. Жалпы, тасымалдаушылар электрондық кезекті енгізуді оң қабылдады және шекарадан өтудің жеделдігі туралы хабарлайды (10-15 минут ішінде). Өткізу пункттері мобильді интернетпен қамтамасыз етілген, қызметкерлер қажетті консультациялық және техникалық көмек көрсетеді, оның ішінде жүргізушілерде байланыс болмаған кезде, электрондық кезекті брондау кезінде сұрақтар болған кезде және т. б. 2023 жылдың 1 қарашасынан бастап «CarGoRuqsat»-та 2 813 жүк автокөлігі
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.