Жалпыға бірдей декларациялау не үшін қажет? Біз бәріміз экономикасы дамыған және өркениетті, салық әділ салынатын, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикасыз мемлекетте өмір сүргіміз келеді. Бұл мақсаттарға жету үшін бізге жалпыға бірдей декларациялау қажет. Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі міндеттері: — әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру; — жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді механизмін құру; — сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету. 2. 2024 жылдан бастап қандай өзгерістер күшіне енді? Біздің азаматтарға декларацияны толтыруды жеңілдету үшін келесі өзгерістер енгізілді. Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан) оңайлатылды, атап айтқанда ондағы мәліметтердің тізімі қысқартылды: — төлем көзінен салық салынатын табыстарды (жалақы, дивидендтер және банк салымдары бойынша сыйақылар, зейнетақы төлемдері және т.б.) көрсету қажеттілігі алынып тасталды; — мемлекеттiк қызметшiлер мен оларға теңестiрiлген азаматтарды қоспағанда, жеке тұлғалардың мүлiктi сатып алуға жұмсаған қаражат көздерiн жария ету мiндетi алынып тасталды (мысалы, пәтер сатып алу кезiнде сатып алу көздерiн көрсету қажет емес); — декларация ұсынудың біріңғай мерзімі — 15 қыркүйектен кешіктірмей деп белгіленді (бұрын қағаз жүзінде декларация тапсырған жағдайды 15 шілдеден кешіктірмей тапсыру керек болатын). Қазіргі уақытта резидент емес жеке тұлғаларды декларанттар тізімінен 2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап алып тастау бойынша түзетулер қарастырылуда. Сондай-ақ, 2024 жылы коммерциялық емес ұйымдардың, оның ішінде діни бірлестіктердің мүшелерін, пәтер иелері
ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ БОЙЫНША ТОП-5 СҰРАҚ-ЖАУАП
26 Апр