ҚР-дағы платформалық жұмыспен қамту
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап «платформалық жұмыспен қамту» — интернет-платформаларды және (немесе) ұтқыр қосымшаларды пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметтің жаңа түрі енгізілді (2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Кодексінің 102-бабы). Платформалық жұмыспен қамтудың тараптары: Интернет-платформа операторы (бұдан әрі — Оператор) орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау бойынша байланыстар белгілеу және мәмілелер жасау үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдық (оның ішінде үшінші тұлғаларды тарту арқылы қызметтер), ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөнінде интернет-платформаны пайдалана отырып қызметтер көрсететін ЖК немесе ЗТ, интернет-платформада тіркелген; тапсырыс беруші — интернет-платформада тіркелген және онда қызметтер көрсетуге немесе жұмыстарды орындауға тапсырысты орналастыратын ЖТ немесе ЗТ; орындаушы — интернет-платформада тіркелген, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе жария шарт негізінде интернет-платформаны пайдалана отырып жұмыстарды орындайтын ЖТ, ЖК немесе ЗТ. Платформалық жұмыспен қамтуды жүзеге асыру үшін тапсырыс беруші мен орындаушы интернет-платформада және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшасында тіркеледі. Оператор мен тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен реттеледі. Орындаушы — ЗТ интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың ұтқыр қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау үшін қызметкерлерді тартқан кезде олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес рәсімделеді.