Новости

Мобильді салық төлемдері

Мобильді аударымдар мен төлемдер: қалай ажыратамыз? Қазіргі уақытта қоғамда қызу талқыланып жатқан осы тақырыпқа байланысты ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде ен жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді. Ол үшін фейктер мен фактілердің ара-жігін ажыратуымыз керек. ТОП-5 жалған (фейк) № 1-фейк: 2021 жылдың 1 желтоқсанынан бастап барлық мобильді аударымдарға салық салынады. Түсіндірме: Жоқ, жеке тұлғалар арасындағы мобильді аударымдар салық салуға және тексеруге жатпайды. Енгізілген өзгерістер декларацияда заңды айналымды көрсетпей, мобильді аударымдар арқылы төлем ретінде ақша қабылдайтын кәсіпкерлерге қатысты. № 2-фейк: Егер мен әріптестерімнен, мектептегі ата-аналардан туған күндерге аударым арқылы ақша алсам, бұл үшін менен салық алынады. Түсіндірме: Жоқ, жеке тұлғалар арасындағы мобильді аударымдарға салық салынбайды. Бұл ретте жеке тұлғалар туралы мәліметтерді 2025 жылдан бастап мемлекеттік кірістер органдарына беру жоспарлануда. Сондай-ақ, бір тұлғаның күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 80-100 адамнан бірнеше рет аударымдарды алуы кәсіпкерлік қызметті анықтау критерийлерінің бірі болып табылады. № 3-фейк: Мен жеке кәсіпкермін, енді мобильді төлемдерінен түскен түсімдер үшін де салық төлеуім керек пе? Бұл екі рет салынған салық қой! Түсіндірме: Жоқ, салық екі рет салынбайды, мобильді төлемдер жаңа салық түрі емес және қосымша салық ауыртпалығын көтермейді. Жеке кәсіпкерлер өздерінің заңды айналымын көрсетуі керек. Сонымен қатар, салық демалыстары 2023 жылға дейін күшінде екенін хабарлаймыз, онда шағын бизнес салық төлеуден босатылады. №
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.