Мемлекеттік кірістер комитеті @SalyqBot сандық салық кеңесшісін іске қосты Салық және кеден мәселелерін халыққа түсіндіру, халықты хабардар ету және кері байланыс алу бойынша жедел көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Telegram-да Чат-боты іске қосылды. Чат-ботты 1 наурыздан бастап «@SalyqBot» атауымен немесе https://t.me/salyqbot тікелей сілтемесі арқылы табуға болады. @SalyqBot – сандық салық кеңесшісі, қазақ және орыс тілдерінде әзірленген, өте пайдалы мына функциялары бар: — пайдаланушыға салық берешегінің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты лезде алуына мүмкіндік береді; — салық төлеушілерге көлік құралдары салығы мен өсімақыны өз бетінше есептеуге көмектеседі; — қажетті анықтамалық ақпаратты білуге, салық күнтізбесін пайдалануға мүмкіндік береді; — жеке немесе заңды тұлғаның қажеттілігіне байланысты пайдалы жаңалықтар мен хабарламалар жібере алады; — пайдаланушыларға МКК қатысты өзекті тақырыптар мен мәселелер туралы бейне сабақтар мен бейне нұсқаулықтар арқылы мәлімет береді; — заңды тұлғалар үшін төленген сомалар туралы ақпаратты білуге мүмкіндік береді. Чат-боттың МКК байланыс орталығына келіп түсетін өтініштер негізінде әзірленген деректер базасы бар, бұл пайдаланушыға оператордың қатысуынсыз салық және кеден заңнамасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға лезде жауап алуға мүмкіндік береді. Пайдаланушы әрқашан да берілген жауаптарға баға қоя алады, сонымен қатар сұрақ қоюға, чат-бот операторына тікелей өтініш немесе тілек жазуға мүмкіндіктер қарастырылған. Ағымдағы жылы Чат-ботты дамыту бойынша жұмыс жалғастырылады, оның төңіректе салық
@SalyqBot сандық салық кеңесшісі
03 Мар