Новости

Тауарларды бажсыз әкелудің жоғары шегінің қолданылуы ұзартылды

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің жоғары шегінің қолданылуы ұзартылды Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 151 Шешімімен «Жеке пайдалануға арналған тауарлармен байланысты жекелеген мәселелер туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 Шешімімен көзделген жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің ұлғайтылған шегінің қолданылуы 2023 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартылды. Осы шешіммен 2023 жылғы 1 сәуірге дейін бажсыз әкелу шегі құны 1000 еуроға баламалы сомадан аспайтын және салмағы 31 кг-нан аспайтын жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты қолданылатыны анықталды: тасымалдаушы жеткізетін немесе халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін; алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда әуе немесе жаяу тәртіптен басқа көлік түрлерімен әкелінеді. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 151 Шешімі 2022 жылғы 10 қазаннан бастап күшіне енеді (Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында 2022 жылғы30 қыркүйегінде жарияланған). Көрсетілген кезеңде тасымалдаушы жеткізетін, халықаралық пошта жөнелтімдерінде жіберілетін, алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда әуеден басқа көлік түрлерімен әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар 1000 еуро және 31 кг шегінде кедендік төлемдер мен салық салуға жатпайды.
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.