Новости

Салық кодексіне мүлікті сатудан алынған табысқа салық салу

2023 жылдан бастап Салық кодексіне азаматтар үшін мүлікті сатудан алынған табысқа салық салу бөлігінде бірқатар оң өзгерістер енгізілді. Мәселен, тұрақ орындарын сату кезінде мүліктік табыс меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған тұрақ орындары бойынша ғана пайда болады (бұл норма 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі). Бұл ретте, бұрын тұрақ орындарын сатудан түсетін табысқа иелік ету мерзіміне қарамастан ЖТС салық салынатын. Ерлі-зайыптылардың біреуінің жылжымайтын мүлікке құқықтарын мұрагерлікке алу кезінде құнның өсуін айқындау мақсаттары үшін меншік құқығында болу кезеңі ерлі-зайыптылардың осындай мүлікке ортақ бірлескен меншік құқығы тіркелген күннен бастап айқындалады. Осылайша, бұл норма ерлі-зайыптылардың біреуін мүліктің мұрагерлік үлесін сату нәтижесінде алынған табысқа, егер оған меншік құқығын ерлі-зайыптылар сату сәтінен бастап бір жылдан астам мерзімге тіркеген болса, салық салудан босатады. Бұған дейін үшінші елдерден әкелінген автомашиналарды және (немесе) тіркемелерді сатудан түскен табысты айқындау мақсатында сату бағасынан сатып алу құны мен ҚҚС пен акциздің төленген сомалары ғана шегерілді. Ағымдағы жылдан бастап сатудан түскен табыс төленген кедендік және кәдеге жарату алымдардың сомасына қосымша азайтылатын болады.
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.