Новости

Темекі өнімдеріне акциздер ставкалары өзгерді

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне енгізілген өзгертулерге сәйкес 2026 жылға дейінгі 3 жылдық кезеңге темекі өнімдеріне акциздердің ставкалары өзгертіліп белгіленді. Акциздің келесі ставкалары қолданылады: 1) фильтрлі, фильтрсіз сигареттер, папиростар бойынша: — 2023 жылы – 14 100 теңге/1000 данаға; — 2024-2025 жылдары – 15 900 теңге/1000 данаға; 2) құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысымен қапталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі бойынша: — 2023 жылы – 12 950 теңге/килограмына; — 2024-2025 жылдары – 14 150 теңге теңге/килограмына; 3) электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық бойынша: — 2023 жылы – 53 теңге/миллилитр сұйықтыққа; — 2024-2025 жылдары – 55 теңге/миллилитр сұйықтыққа; 4) сигариллалар бойынша: — 2023 жылы – 14 100 теңге/ 1000 данаға; — 2024-2025 жылдары – 15 900 теңге/1000 данаға; 5) қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға өлшем бірлігі килограммнан данаға өзгере отырып, темекіге акциз мөлшерлемелерінің мөлшері 70% деңгейінде акциздің мөлшерлемесі айқындалды: — 2023 жылы – 9 870 теңге/1 000 данаға; — 2024-2025 жылдары – 11 130 теңге/1000 данаға құрайды.
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.