Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарын легализациялау үшін негізгі орындауы тиіс шарттардың бірі – осындай автокөліктердің кеден тазартудан өтуі болып табылады. Мемлекеттік кірістер комитетінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген автокөліктерді кедендік тазарудан өткізу қажет пе – деген сұраққа жауап берді. Қазақстан азаматтары, Қырғыз Республикасында 2014 жылғы 1 қаңтарға дейінгі және Армения Республикасында 2014 жылғы 10 қазанға дейінгі кедендік тазартудан өткен автомобильдерді әкелуіне болады. Аталған автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына Қырғыз Республикасының және Армения Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдар ғана әкеле алады. Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) 2014 жылғы 29 мамырдағы Шарттың ережесіне сәйкес Армения Республикасы (АР) мен Қырғызстан Республикасы (ҚР) үшін өтпелі кезең белгіленген. Осы кезең ішінде ішінде АР мен ҚР елдеріне үшінші елден әкелінген автокөліктерге қатысты кедендік баждар, салықтар осы елдердің заңнамасына сәйкес төленеді. Сонымен қатар, 2014 жылғы 10 қазанынан 2020 жылғы 1 қаңтарына дейін Армения Республикасында және 2014 жылғы 1 қаңтарынан 2020 жылғы 1 қаңтарына дейін Қырғызстан Республикасында кедендік тазартудан өткен авто көліктер ЕАЭО-тың өзге мүше мемлекеттерінде шетел тауарлары болып табылады және кедендік бақылауға жатқызылады. ЕАЭО СЭҚ ТН 8702, 8703, 8704 позицияларында сыныпталатын тауарлар автомобильдерге және жеңіл автомобильдерге және өзге де моторлы көлік құралдарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тариф белгіленген мөлшерді Армения Республикасында үш жыл өткеннен кейін қолданады (яғни 2023 жылдың
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген автокөліктерді кедендік тазартудан өткізу қажет пе?
06 Апр