ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетімен бірлесіп «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде https://eokno.gov.kz / (бұдан әрі – «Бірыңғай терезе» АЖ) көлік құралдары конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктерді беру модулін (бұдан әрі – КҚКҚК) іске асыру бойынша жұмыс жүргізді. Сәйкестікті бағалау туралы көрсетілген құжатты беру бойынша «Бірыңғай терезе» АЖ модулін іске қосу 2023 жылғы 24 сәуірде өтті. Өздеріңіз білетіндей, жеке тұлғалар, егер мұндай көлік құралдары «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) талаптарына сәйкес келсе, өз қажеттіліктері үшін Қазақстан Республикасының аумағына автокөлік құралдарын импорттай алады. КҚКҚК – айналымға шығарылатын бірлі-жарым көлік құралдарының КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат. «Бірыңғай терезе» АЖ-да КҚКҚК беруді автоматтандыру өтініш берушілердің үйде немесе кеңседе отырып, оны алу үшін сәйкестікті растау жөніндегі органға өтінішті қашықтан беру мүмкіндігін ашты. Бұрын, көлік құралын кедендік тазартуды жүргізу үшін жеке тұлғалар КҚКҚК туралы мәліметтер осындай құжаттардың тізілімінде жарияланғанға дейін 5 жұмыс күніне дейін күткен болатын. Енді, «Бірыңғай терезе» АЖ-да КҚКҚК беру жөніндегі функционалды іске асыру өтініш берушілерге КҚКҚК алғаннан кейін бірден көлік құралын кедендік тазартуды жүргізуге мүмкіндік берді. Мәселен, КҚКҚК тіркеу нөмірі бергеннен кейін ол туралы мәліметтер «Бірыңғай терезе» АЖ-ның басты бетіндегі «Құжаттар тізілімі» бөлімінің «КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізілімі» кіші бөлімінде орналасқан,
Көлік құралдары конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктер алуды автоматтандыру бойынша
13 Май