Новости

Кеденде электробильді қалай рәсімдеуге болады?

Елімізде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматына 1 электромобильді кедендік баждарды және салықтарды төлеуден босата отырып, жеке пайдалану үшін әкелуіне рұқсат берілген. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Бұл Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» шешімінің 3-қосымшасының 9-тармағында қарастырылған. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатын, меншік құқығын растау, көлік құралын қолдану сондай-ақ тауарға ілеспе құжаттарды ұсына отырып (CMR, ТКҚ, инвойс, КҚП), азаматтар жолаушылар кеден декларациясын өз қолымен толтырып, кедендік рәсімдеуден өту үшін, кеден бекетінің инспекторына жүгіне алады. Сонымен қатар, декларацияны тапсыруға және толтыруға, декларация бланкісін алу үшін ешқандай ақшалай төлем қажет емес. Бұл ретте, азаматқа осы электромобильді кедендік тазарту уақытынан бастап 3 жыл ішінде Ресей Федерациясының азаматтығы немесе Ресей Федерациясының тұрақты тұрғылықты жері бар тұлғаларға иелену, пайдалану, билік ету құқығын беруге тыйым салынатынын ескертеміз.  
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.