Новости

Кеден күшейтілген режимге көшті

Өткізу қабілетін арттыру мақсатында қазақстандық және өзбек кеден органдары келісім бойынша күшейтілген жұмыс режиміне өтті. Кездесулер өткізіліп, Түркістан облысындағы қазақ-өзбек шекарасында орналасқан барлық өткізу пунктері қаралды. Сондай-ақ, өткізу пунктеріндегі кедендік ресімдеу бизнес-процесстерді оңтайландыру бойынша келісімдер талқыланып, қол жеткізілді. Соңғы он тәулікте Түркістан облысы бойынша МКД өткізу пунктері арқылы өткізілген көлік құралдары келесідей: «Қазығұрт» өткізу пункті – 2 243 жүк көлік құралы; «Б. Қонысбаев» өткізу пункті – 4 280 жүк көлік құралы; «Атамекен» өткізу пункті – 1 796 жүк көлік құралы. Бір жүк көлік құралын ресімдеуге орта есеппен 2-3 минут жұмсалды. Сонымен қатар, жүру маршрутын тиімді жоспарлау және шекарада тұрып қалуды болдырмау мақсатында, жүргізушілер мен тасымалдаушыларға CarGoRuqsat электронды кезектің автоматтандырылған жүйесі (cgr.qoldau.kz) немесе Түркістан облысы бойынша МКД интернет-ресурсында (trk.kgd.gov.kz) кеден бекеттерінің жүктемесі мен өткізу кезегінің ағымдағы жағдайы туралы мәліметтерді көру мүмкіндігі ұсынылғанын хабарлаймыз.
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.