Новости

Онлайн бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау туралы

Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында фискалдық деректер операторларымен, БКМ өндірушілерімен және жеткізушілерімен бірлесіп, деректерді онлайн-БКМ-нан фискалдық деректер операторларының («Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Jusan Mobile» АҚ, «КаР-Тел» ЖШС) серверіне беру 2.0.2 нұсқалы хаттаманы жасау бойынша жұмыстар жүргізді. 2.0.2 хаттамасының артықшылығы: Клиенттің талабы бойынша фискалдық чекте сатып алушының ЖСН/БСН көрсету мүмкіндігі. Егер сатып алушының чегінде ЖСН немесе БСН көрсетілсе, онда 1 000 АЕК-тен асатын мәмілелер бойынша ҚҚС төлемейтіндер үшін мұндай чек электрондық шот-фактураның орнына КТС шегеруге арналған растаушы құжат болып табылады; Төлемнің жаңа түрі қосылды – Мобильді төлем; Тауардың атауын көрсету мүмкіндігі. Салық заңнамасын сақтау мақсатында, онлайн-БКМ-ның хаттаманың 2.0.2 нұсқасына сәйкестігін тексеру қажет. Егер онлайн-БКМ 2.0.2 хаттамасынан басқа хаттамаларда жұмыс істейтін болса, онлайн БКМ-ді 2.0.2 нұсқасының хаттамасына алдын ала қайта бағдарламалау қажет. Сондай-ақ, жалпыға бірдей 2.0.2 хаттамасына көшу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде, 2023 жылғы 1 маусымнан бастап 1.2.3 нұсқалы хаттаманы бұғаттау жоспарланып отырғанын хабарлаймыз. Осыдан кейін 72 сағат ішінде БКМ дербес режимде жұмыс істейтін болады. 72 сағат өткеннен кейін БКМ деректерді ФДО-ға жібермейді. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 284-бабының 3-тармағына сәйкес бақылау-кассалық машинаның чегін немесе тауар чегін бермеу не бақылау-кассалық машинаның чегін немесе тауар чегін тауарға немесе көрсетілетін қызметке төленген сомадан артық немесе кем
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.